Skip to main content
Жм, 22.04.2022 - 10:00

«РИТВЕРЦ» АҚ-ның Филиалы Қазақстан Республикасында тіркелген

Сурет
Placeholder

22 сәуір 2022 жылы «РИТВЕРЦ» АҚ-ның Филиалы Қазақстан Республикасында тіркелген, оған бизнес-сәйкестендіру нөмірі БСН 220441041180 берілді.

Филиал «РИТВЕРЦ» АҚ-тың, яғни басты ұйымның оқшауландырылған бөлімшесі болып табылады, Қазақстанның аумағында және оңтүстік-шығыс өңірлерде қызметін кеңейту, импорттық-экспорттық операциялар үшін логистикалық орталықты ұйымдастыру мақсатында құрылған.

Қазіргі таңда филиалды жұмысқа дайындау, яғни рұқсаттық құжаттамаларды алу, персоналды дайындау, Алматы қаласы, Алатау кентінде физикалық-техникалық институттың базасында өндірістік алаңды жабдықтау басталып жатыр.